(Егер сіз АҚҚ, Еуропалық Экономикалық Аймақтың, Швейцарияның немесе Үндістанның резиденті болмасаңыз)
Соңғы жаңартылуы: 2021 жылғы қараша
Басқа аймақтар
(Егер сіз АҚҚ, Еуропалық Экономикалық Аймақтың, Швейцарияның немесе Үндістанның резиденті болмасаңыз)
Соңғы жаңартылуы: 2021 жылғы қараша
TikTok платформасына (“Платформа”) қош келдіңіз. Платформаны TikTok Pte. Ltd. немесе оның үлестес тұлғаларының бірі (“TikTok”,“біз” немесе “бізді”) ұсынады және бақылайды.
Сіз өзіңіздің және Платформаның арасындағы қарым-қатынасты реттейтін және сіздің соның негізінде Платформаға, біздің веб-сайттарымызға, қызметтерімізге, қолданбаларымызға, өнімдерімізге және контентімізге (бірге “Қызметтер”, “Сервистер”) қол жеткізуіңізге және пайдалануыңызға болатын шарттарды белгілейтін пайдаланушы келісімін (бұдан әрі - “Пайдаланушы келісімі”) оқып жатырсыз. Біздің Қызметтеріміз жеке, коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін ұсынылады. Осы Келісімнің мақсаттары үшін “сіз” және “сіздің” Қызметтерді пайдаланушы ретіндегі сізді білдіреді.
Осы Пайдаланушы келісімі біздің арамыздағы заңи міндеттейтін келісім болып табылады. Оны мұқият оқып шығуыңызды өтінеміз.
Сіз Қызметтерімізге қол жеткізу немесе пайдалану арқылы TikTok платформасымен заңи міндеттейтін келісім жасайтыныңызды және осы Пайдаланушы келісімін қабылдайтыныңызды және оны орындауды міндетіңізге алатыныңызды растайсыз. Сіздің Қызметтерге қол жеткізуіңіз және оларды пайдалануыңыз сонымен қатар біздің Құпиялық саясатымызбен және Қоғамдастық ережелерімен реттеледі, бұл құжаттардың шарттарын тікелей Платформадан немесе Платформа жүктеп алу үшін қолжетімді сіздің мобильді құрылғыңыздың тиісті қолданбалар дүкенінен табуға болады және олар осы құжатқа сілтеме ретінде кіргізілген. Қызметтерді пайдалана отырып сіз Құпиялық саясатының шарттарымен келісесіз.
Егер сіз Қызметтерге арнайы қосымша шарттар қолданылатын юрисдикция шегінде қол жеткізсеңіз немесе пайдалансаңыз, сіз сондай-ақ төменде көрсетілгендей, әр юрисдикциядағы пайдаланушыларға қолданылатын осындай қосымша шарттарға келісесіз және сіз Қызметтерге қол жеткізетін немесе оларды пайдаланатын юрисдикцияға қатысты – Нақты Юрисдикцияға Арналған Қосымша шарттардың ережелері мен осы Келісімнің қалған бөлігінің ережелерінің арасында қайшылық болған жағдайда, Нақты Юрисдикцияға Арналған тиісті Қосымша шарттар қолданылатын болады. Егер сіз осы Шарттарға келіспесеңіз, біздің Қызметтерге қол жеткізбеуіңіз немесе пайдаланбауыңыз керек.
Егер сіз Қызметтерге компанияның немесе ұйымның атынан қол жеткізсеңіз немесе пайдалансаңыз, онда (а) “сіз” және “сіздің” дегенде заңды тұлға немесе ұйым ұғынылады, (b) сіз оның атынан осы пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдауға және оған келісуге өкілеттігі бар заңды тұлғаның немесе ұйымның уәкілетті өкілі екеніңізге кепілдік бересіз, және (c) сіздің заңды тұлғаңыз немесе ұйымыңыз біздің сервистерді пайдалану үшін заңдық және қаржылық, сондай-ақ сіздің ұйымыңызбен байланысты басқа тұлғалардың, соның ішінде қызметкерлердің, агенттердің немесе мердігерлердің сіздің тіркеулік жазбаңыз арқылы қызметтерге қол жеткізуі немесе пайдалануы үшін жауапкершілік көтереді.
Сіз біздің Қызметтерімізге қол жеткізу немесе пайдалану арқылы осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдайсыз. Осы сәттен бастап біз сіздің Қызметтерімізге қол жеткізуіңізді немесе пайдалануыңызды осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдағаныңыз деп қарастыратынымызды түсінесіз және оған келісесіз.
Сіздің Пайдаланушы келісімінің жергілікті көшірмесін өзіңізге басып шығаруыңыз немесе сақтауыңыз қажет.
Біз Пайдаланушы келісіміне мезгіл-мезгіл, мысалы, Қызметтеріміздің функционалын жаңартқанда немесе біз немесе біздің еншілес тұлғаларымыз басқаратын бірнеше қолданбаны немесе қызметті бір қиыстырылған сервиске немесе қолданбаға біріктірген кезде немесе заңнамада өзгерістер болған кезде өзгеріс енгіземіз. Біз барлық пайдаланушыларға осы Пайдаланушы келісіміндегі кез келген елеулі өзгерістер туралы хабарлау үшін коммерциялық тұрғыда ақылға қонымды күш-жігер саламыз, мысалы, Платформамызда хабарлаймыз. Дегенмен, мұндай өзгерістердің бар-жоғын тексеру үшін сіздің Пайдаланушы келісімін жүйелі түрде қарауыңыз керек. Сонымен қатар біз осы Пайдаланушы келісіміне енгізілген тиісті өзгерістердің күшіне енген күнін көрсететін осы Пайдаланушы келісімінің жоғарғы жағындағы “Соңғы жаңартылған” күнді жаңартамыз. Пайдаланушы келісімінің жаңа нұсқасы шыққан күннен кейін Қызметтерге қол жеткізуді немесе пайдалануды жалғастыруыңыз сіздің оған келіссетініңізді білдіреді. Егер сіз Пайдаланушы келісімінің жаңа нұсқасымен келіспесеңіз, біздің Қызметтерге қол жеткізуді немесе пайдалануды тоқтатуыңыз керек.
Біздің кейбір Қызметтерімізге қол жеткізу немесе пайдалану үшін тіркеулік жазба жасауыңыз керек. Бұл тіркеулік жазбаны жасау кезінде сіз дәл және өзекті ақпаратты беруіңіз қажет. Сіздің деректеріңізді және бізге беріп отырған кез келген басқа ақпаратты ол өзекті және толық болып қалуы үшін дер кезінде жаңартып отыруыңыз маңызды.
Сондай-ақ, тіркеулік жазбаңыздың құпиясөзінің құпия болғаны және сіздің оны үшінші тұлғаларға ашпауыңыз маңызды. Егер сіз біреудің құпиясөзіңізді білетінін немесе тіркеулік жазбаңызға қол жеткізе алатынын білсеңіз немесе күдіктенсеңіз, бізге https://www.tiktok.com/legal/report/feedback сілтемесі арқылы дереу хабарлауыңыз керек.
Сіз өзіңіздің тіркеулік жазбаңызда жасалатын әрекеттер үшін (біздің және басқа тұлғалардың алдында) өзіңіз ғана жауапкершілік көтеретініңізге келісесіз.
Біз кез келген уақытта, соның ішінде егер сіз осы Пайдаланушы келісімінің кез келген ережесін орындамасаңыз немесе сіздің тіркеулік жазбаңыз арқылы жүзеге асырылатын әрекеттер біздің ұйғаруымыз бойынша Қызметтердің сапасына нұқсан келтіреді немесе келтіруі мүмкін немесе сапасын нашарлатуы, немесе үшінші тұлғалардың құқықтарына шек қоюы немесе бұзуы, немесе қандай да бір заңдарды немесе қағидаларды бұзатын болса, пайдаланушының тіркеулік жазбасын өшіру құқығын өзімізге қалдырамыз.
Егер сіз Қызметтерімізді бұдан былай пайдаланғыңыз келмесе және тіркеулік жазбаңызды жойғыңыз келсе, бізге https://www.tiktok.com/legal/report/feedback адресі бойынша хабарласыңыз. Біз сізге көмектесеміз және тіркеулік жазбаңызды жою бойынша нұсқаулар береміз. Егер сіз тіркеулік жазбаңызды жоюды шешсеңіз, онда оны қайтадан іске қоса алмайсыз және контентке немесе өзіңіз қосқан ақпаратқа қол жеткізе алмайсыз.
Сіздің Қызметтерге қол жеткізуіңіз және пайдалануыңыз осы Пайдаланушы келісімімен және барлық қолданылатын заңдармен және ережелермен реттеледі. Сіздің мынадай әрекет жасауыңызға болмайды:
Жоғарыда айтылғандарға қосымша, сіздің Қызметтерге қол жеткізуіңіз және оларды пайдалануыңыз әрқашан Қоғамдастықтың ережелеріне сәйкес келуге тиіс.
Біз кез келген уақытта және алдын ала ескертусіз өзіміздің ұйғаруымыз бойынша кез келген себеппен немесе себепсіз контентті жою немесе оған қолжетімділікті ажырату құқығын сақтап қаламыз. Біздің контентті жоюымызға немесе оған қолжетімділікті өшіруімізге негіз болатын кейбір себептерге контенттің орынсыз немесе осы Пайдаланушы келісімін, Қоғамдастық ережелерін бұзады немесе біз ұсынатын Қызметтерге немесе біздің пайдаланушыларымызға басқа жолмен зиян келтіреді деп танылуы жатуы мүмкін. Біздің автоматтандырылған жүйелеріміз сізге оңтайландырылған іздеу нәтижелері, дербестендірілген жарнама, спам және зиянды БЖ анықтау сияқты дербестендірілген қызмет көрсету үшін сіздің контентіңізді талдайды. Бұл талдау контенттің жіберілуіне, алынуына және сақталуына қарай орындалады.
Біз зияткерлік меншік құқығын құрметтейміз және сізден де осылай етуіңізді сұраймыз. Сіздің Қызметтерге қол жеткізуіңіздің және пайдалануыңыздың шарты ретінде сіз Қызметтерді қандай да бір зияткерлік меншік құқықтарын бұзу мақсатымен пайдаланбауға келісесіз. Біз авторлық құқықтарды немесе басқа да зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын немесе бұзып отыр деп болжанатын кез келген пайдаланушының қызметтерге қол жеткізуін бұғаттау және/немесе оның тіркеулік жазбасын кез келген уақытта және өз ұйғаруымыз бойынша ескертусіз жою құқығын сақтап қаламыз.
Барлық контент, бағдарламалық жасақтама, кескіндер, мәтін, графикалық кескіндер, иллюстрациялар, логотиптер, патенттер, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, авторлық құқық объектілері, фотосуреттер, аудио, видео, музыка, Қызметтердің сыртқы түрі мен стилі және бұған байланысты барлық зияткерлік меншік құқықтары (бұдан әрі “TikTok контенті”) TikTok компаниясына тиесілі немесе оның тарапынан лицензияланған, осы орайда біздің Қызметтерімізді пайдаланып сіз жүктеп салатын немесе табыстайтын кез келген Пайдаланушы контентіне (төменде айқындалғандай) сіздің немесе сіздің лицензиарларыңыздың құқығы болатынын түсінеміз. Сервистердегі TikTok контентін немесе материалдарды осы Пайдаланушы келісімінде тікелей рұқсат етілмеген кез келген мақсатта пайдалануға қатаң тыйым салынған. Мұндай материалдарды бізден келісім алмастан немесе біздің лицензиарларымыздың алдын ала жазбаша келісімінсіз көшіруге, жаңғыртуға, таратуға, табыстаға, трансляциялауға, көрсетуге, сатуға, лицензиялауға немесе өзге жолмен кез келген мақсатта пайдалануға болмайды. Біз және біздің лицензиарларымыз өзіміздің контентке қатысты барлық құқықтарды өзімізде сақтап қаламыз.
Сіз біздің Қызметтерімізді пайдалануыңыздың нәтижесінде, соның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, жарнама сату, демеушілік, промо науқан, деректерді және сыйлықтарды пайдалану арқылы (төменде Виртуалды заттарға қатысты саясатта анықталғандай) біздің табыс алатынымызды, іскерлік беделімізді жақсарта алатынымызды немесе басқа жолмен компанияның құндылығын арттыра алатынымызды және осы Пайдаланушы келісімінде немесе сіз бізбен жасасатын басқа келісімдерде арнайы рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, осы орайда сіздің біздің табыстағы үлеске құқығыңыз немесе кез келген басқа материалдық немесе материалдық емес құндылықтарға құқығыңыз болмайтынын мойындайсыз және бұған келісесіз. Сонымен қатар сіз осы Пайдаланушы келісімінде немесе сіз бізбен жасасатын басқа келісімде арнайы ескертілген жағдайларды қоспағанда, сіздің (i) кез келген Пайдаланушы контентінен (анықтамасы төменде берілген) немесе сіз үшін сайтта немесе біздің сервистеріміз арқылы, соның ішінде сіз жасаған кез келген Пайдаланушы контентінде қолжетімді кез келген музыкалық туындыларды, дыбыстық жазбаларды және аудиовизуалды клиптерді пайдаланудан қандай да бір табыс немесе басқадай сыйақы алуға құқығыңыз жоқ екенін, және (ii) біздің сервистеріміздің шеңберінде немесе үшінші тұлғалардың көрсететін қызметтері арқылы қандай да бір Пайдаланушы контентінен ақшалай сыйақы алуға немесе пайда алуға қандай да бір құқықтарды жүзеге асыруға тыйым салынғанын (мысалы, монетизация үшін YouTub платформасына жүктеп салынған Пайдаланушы контентіне таласа алмайтыныңызды) мойындайсыз.
Осы Пайдаланушы келісімінің шарттарына сәйкес сізге біздің Қызметтерге қол жеткізуге және пайдалануға, соның ішінде қолайлы құрылғыға Платформаны жүктеп алуға және біздің Қызметтерді пайдалану барысында TikTok контентіне тек жеке, коммерциялық емес мақсатыңызда пайдалану үшін ғана және осы Пайдаланушы келісіміне сәйкес қана қол жеткізуге қосалқы лицензиялауға жатпайтын, қайтарылмайтын, күші аумақ шектерімен шектелмейтін құқық беріледі. TikTok осы Пайдаланушы келісімімен TikTok қызметтері мен Контентіне қатысты айқын және тікелей берілмеген барлық құқықтарды өзіне сақтап қалады. Сіз TikTok бұл лицензияның күшін кез келген уақытта кез келген себеппен немесе себепсіз тоқтата алатынын мойындайсыз және бұған келісесіз.
БІЗДІҢ СЕРВИСТЕР АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАТЫН ДЫБЫСТЫҚ ЖАЗБАЛАРҒА НЕМЕСЕ ОНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЛИЦЕНЗИЯ БОЙЫНША ЕШҚАНДАЙ ҚҰҚЫҚ БЕРІЛМЕЙДІ.
Сіз басқа пайдаланушылар ұсынған контентті көргенде, мұны өз тәуекеліңізге жасайтыныңызды мойындайсыз және бұған келісесіз. Біздің Қызметтердің шеңберінде контент тек жалпы ақпарат үшін ғана беріледі. Ол бірмағыналы сенуіңізге болатын ақпарат емес. Біздің Қызметтеріміз шеңберінде алынған контенттің мазмұнына ғана негізделіп қандай да бір әрекетті жасамас бұрын немесе одан тартынбас бұрын маманның кәсіби кеңесін алуыңыз керек.
Біз кез келген TikTok контентінің (соның ішінде Пайдаланушы контентінің) дәл, толық немесе өзекті екендігіне ешқандай айқын немесе ұйғарынды сендіру немесе кепілдік бермейміз. Егер біздің Қызметтерімізде басқа сайттарға және үшінші тұлғалар ұсынған ресурстарға сілтемелер болса, бұл сілтемелер сізге ақпарат үшін ғана беріледі. Біз бұл сайттардың немесе ресурстардың мазмұнын бақыламаймыз. Мұндай сілтемелер біздің бұл сайттарды немесе сіз олардан алуыңыз мүмкін болатын ақпаратты мақұлдауымыз ретінде түсіндірілмеуі керек. Сіз немесе Қызметтерді басқа пайдаланушылар орналастырған кез келген контентті (соның ішінде Пайдаланушы контентін) тексеруге, бақылауға, қарауға немесе өңдеуге міндетті емес екендігімізді мойындайсыз.
Біздің Қызметтерді пайдаланушыларға біздің қызметтеріміз арқылы контентті, соның ішінде, ещ шектеусіз, кез келген мәтінді, фотосуреттерді, пайдаланушы бейнелерін, дыбыстық жазбаларды және оларда пайдаланылған музыкалық туындыларды, соның ішінде сіздің жеке музыкалық кітапханаңыздан жергілікті сақталған дыьбыстық жазбаларды және басқа дыбыстарды қамтитын бейнелерді (бұдан әрі “Пайдаланушы контенті”) жүктеп салуға, жариялауға немесе табыстауға (мысалы, стриминг сервистері арқылы) немесе басқа жолмен қолжетімді етуге рұқсат етілуі мүмкін. Қызметтерді пайдаланушылар басқа пайдаланушы контентін жасау үшін басқа пайдаланушы жасаған Пайдаланушы контентін түгел немесе оның кез келген бөлігін, соның ішінде бір пайдаланушыдан көп пайдаланушы жасаған Пайдаланушы контенті біріктіретін және түрлі-түрлі етуі мүмкін болатын, басқа пайдаланушылармен бірлесіп жасалған Пайдаланушы контентін шығара алады. Сонымен қатар пайдаланушылар музыканы, графиканы, стикерлерді, виртуалды заттарды (“Қосымша шарттар – Виртуалды заттарға қатысты саясат” бөлімінде анықталғандай және түсіндірілгендей) және TikTok ұсынатын басқа элементтерді (“TikTok элементтері”) осы контентке қоса алады және осы Пайдаланушы контентін біздің Қызметтеріміз арқылы табыстай алады. Пайдаланушы контентің құрамындағы ақпарат пен материалдарды, соның ішінде TikTok Элементтерін қамтитын Пайдаланушы контентін біз тексермейміз және мақұлдамаймыз. Басқа пайдаланушылардың Қызметтерге қатысты білдірген пікірлері (соның ішінде виртуалды сыйлықтарды пайдалану арқылы) біздің көзқарасымыз бен құндылықтарымызды көрсетпейді.
Сіз біздің Қызметтеріміз арқылы (соның ішінде Instagram, Facebook, YouTube, Twitter сияқты кейбір бөтен платформалар арқылы) Пайдаланушы контентін жүктеп салуға немесе табыстауға мүмкіндік беретін функцияларға қол жеткізген немесе пайдаланған сайын немесе Қызметтерімізді басқа пайдаланушылармен қарым-қатынас жасаған сайын, сіз жоғарыдағы “Біздің Қызметтерімізге Сіздің қол жеткізуіңіз және пайдалануыңыз” тармағында баяндалған стандарттарды сақтауға тиіс боласыз. Сондай-ақ сіздің өзіңіздің Пайдаланушы контентін, соның ішінде TikTok Элементтері бар Пайдаланушы контентін бөтен сайттарға немесе платформаларға жүктеп салуыңызға немесе жіберуіңізге болады. Егер сіз мұны жасау туралы шешімге келсеңіз, сіз олардың контент жөніндегі нұсқауларын, сондай-ақ жоғарыдағы “Біздің Қызметтерімізге Сіздің қол жеткізуіңіз және пайдалануыңыз” тармағында баяндалған стандарттарды сақтауға тиіс боласыз.
Сіз осындай кез келген контент осы стандарттарға сәйкес келетініне кепілдік бересіз және сіз бұл кепілдіктердің кез келген бұзылуы үшін біздің алдымызда жауапкершілік көтересіз және бізді жауапкершіліктен босатасыз. Бұл осы кепілдіктерді бұзудың нәтижесінде бізге келген кез келген шығын немесе нұқсан үшін сіздің жауапкершілік көтеретініңізді білдіреді.
Кез келген Пайдаланушы контенті құпия емес және біреудің меншігі емес деп есептеледі. Сіз біз ұсынатын Қызметтер арқылы Пайдаланушы контентін орналастырмауыңыз керек немесе өзіңіз құпия немесе біреудің меншігі деп санайтын кез келген Пайдаланушы контентін бізге табыстамауыңыз керек. Сіз біздің Қызметтерімізді пайдаланып, пайдаланушыға контентті жіберген кезде сіз сол Пайдаланушы контентіне иелік ететініңізге немесе осы контенттің кез келген бөлігінің құқық иесінен оны біздің Қызметтерімізді пайдаланып бөтен платформаларға жүктеп салуға және/немесе бөтен контентті бейімдеу үшін барлық қажетті рұқсаттарды алғаныңызға келісесіз және кепілдік бересіз.
Егер сіз фонограммада пайдаланылған бастапқы музыкалық туындыларға емес, тек қана фонограммаға құқықтың иесі болсаңыз, онда егер сізде контенттің кез келген бөлігінің иесі біздің Сервистерге жүктеп салуға берген барлық рұқсаттары немесе растамасы болмаса, сіз біздің Сервистерді пайдаланып мұндай фонограммаларды жарияламауыңыз керек.
Сіз немесе сіздің Пайдаланушы контентінің иесі бізге жіберілген Пайдаланушы контентіне авторлық құқықты иеленесіз, бірақ біздің Қызметтерді пайдалану арқылы Пайдаланушы контентін орналастырып сіз осы арқылы бізге туынды шығармаларды, жарияланымдарды пайдалануға, өзгертуге, бейімдеуге, жаңғыртуға, жасауға және/немесе табыстауға, және/немесе таратуға және біздің Қызметтерімізді басқа пайдаланушыларға және басқа үшінші тараптарға сіздің Пайдаланушы контентін қазір белгілі немесе болашақта ойлап табылатын кез келген форматта және платформада көруге, қол жеткізуге, пайдалануға, жүктеп алуға, өзгертуге, бейімдеуге, жаңғыртуға, туынды шығармалар жасауға, жариялауға және/немесе табыстауға сөзсіз, қайтарылмайтын, айрықша емес, өтеусіз, ауыстыруға болатын, мерзімсіз, қолданысы аумақтық шектермен шектелмейтін құқықты бересіз.
Сонымен қатар сіз пайдаланушы атыңызды, кескініңізді, дауысыңызды және бейнеңізді сізді кез келген Пайдаланушы контентінің қайнар көзі ретінде сәйкестендіру үшін пайдалануымызға бізге өтеусіз лицензия бересіз.
Түсінбестік болмас үшін, осы Бөлімнің алдыңғы тармақтарында берілген құқықтарға, басқасымен қатар, фонограммаларды жаңғырту (және мұндай фонограммаларда жазылған музыкалық туындыларды механикалық түрде жаңғырту), сондай-ақ фонограммаларды (және оларда жазылған музыкалық туындыларды) көпшілік алдында орындау және жалпының назарына жеткізу құқығы жатады. Бұл сіздің үшінші тұлғаларға, соның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, фонограммаға құқық иелеріне (мысалы, дыбыс жазатын лейблдерге), музыкалық туындығы құқықтың иелеріне (мысалы, музыка паблишерлеріне), авторлық құқықтарды басқару ұйымдарына (мысалы, ASCAP, BMI, SESAC және т.б.), («PRO»), дыбыс жазатын PRO (яғни авторлық құқықты басқару компанияларына) (мысалы, SoundExchange), кез келген одақтарға немесе гильдияларға, сондай-ақ пайдаланушы контентін жасауға қатысатын техникалық жұмыскерлерге, продюсерлерге немесе басқа қатысушыларға роялти төлеу міндеттемесінсіз бізге өз контентіңізді пайдалану құқығын беретініңізді білдіреді.
Музыкалық шығармалар мен Әртістерге арналған жалпы ережелер. Егер сіз музыкалық шығарманың композиторы немесе авторы болсаңыз және авторлық құқықты басқару жөніндегі ұйыммен (PRO) байланысты болсаңыз, онда сіз өзіңіздің Пайдаланушы контентіне қатысты осы Пайдаланушы келісімінде бізге беріп отырған өтеусіз лицензия туралы осындай ұйымды хабардар етуіңіз керек. Сіз авторлық құқықты басқару жөніндегі ұйымға қатысты тиісті міндеттемелеріңіздің орындалуын қамтамасыз ету үшін толық жауапкершілік көтересіз. Егер сіз құқықтарыңызды музыкалық паблишерге тапсырған болсаңыз, онда сіз осы Пайдаланушы келісімінде көрсетілген өтеусіз лицензияны (лицензияларды) беруге паблишердің келісімін алуыңыз керек немесе осындай музыкалық паблишердің өзі бізбен Пайдаланушы келісімін жасасуы керек. Сіздің музыкалық шығарманың авторы болып табылатыныңыз (мысалы, сіз ән жаздыңыз) сіздің осы Пайдаланушы келісіміне сәйкес бізге лицензия беруге құқығыңыз бар дегенді білдірмейді. Егер сіз музыкалық лейблмен жасалған келісімшарт бойынша жазбаны орындаушы болсаңыз, онда сіз оны пайдаланудың сізде өзіңіздің музыкалық лейблдің алдында болуы мүмкін кез келген шарттық міндеттемелерге сәйкес келуі үшін, соның ішінде егер сіз біздің Қызметтеріміздің шеңберінде сіздің лейбл талап етуі мүмкін болатын қандай да бр жаңа жазбаларды жасасаңыз, толық жауапкершілік көтересіз.
“Through-To-The-Audience” құқықтары. Сіз осы Пайдаланушы келісімінде Пайдаланушы контенті арқылы берген барлық құқықтар «тікелей аудитория үшін» (“through-to-the-audience”) қағидасының негізінде берілген, яғни бөтен қызметтерінің иелері немесе операторлары біздің Қызметтерімізді пайдалану арқылы осындай бөтен платформаларда орналастырылған және/немесе пайдаланылған Пайдаланушы контенті үшін сіздің немесе кез келген үшінші тараптың алдында жауапкершілік көтермейді.
Пайдаланушы контентіне құқықтан бас тарту. Пайдаланушы контентін біздің Сервистерімізде немесе олар арқылы орналастыра отырып сіз осындай Пайдаланушы контентіне байланысты кез келген маркетингтік немесе жарнамалық материалдарды алдын ала тексеруге немесе мақұлдауға кез келген құқықтан бас тартасыз. Сіз сондай-ақ өзіңіздің Пайдаланушы контентіне немесе оның кез келген бөлігіне қатысты кез келген құпиялық, жариялық құқықтарынан немесе соған ұқсас кез келген басқа құқықтардан бас тартасыз. Осымен сіз кез келген және барлық мүліктік емес құқықтардан – кез келген мүліктік емес құқықтарды табыстауға немесе шегініп беруге болмайтын дәрежеде – бас тартасыз және олар туралы мәлімдемеуге, сондай-ақ сіз біздің Сервистерде немесе олар арқылы орналастырған кез келген пайдаланушы контентіне қатысты сізде болуы мүмкін кез келген мүліктік емес құқықтарыңызға негізделген қандай да бір қуыным-талапты қолдамауға, қоймауға және оған рұқсат бермеуге келісесіз.
Сондай-ақ сіз біздің Сервистерге орналастырған немесе жүктеп салған Пайдаланушы контенті олардың зияткерлік меншік құқықтарын немесе олардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығын бұзады деп мәлімдейтін кез келген үшінші тарапқа сіздің жеке басыңызды ашуға біздің құқығымыз бар.
Біз немесе біз уәкілеттік берген үшінші тұлғалар сіздің контентті өз ұйғаруымыз бойынша немесе осындай үшінші тұлғалардың ұйғаруы бойынша кесу, қию, өңдеу немесе жариялаудан бас тарту құқығын өзімізге сақтап қаламыз. Біздің пікірімізше, сіздің жарияланым жоғарыдағы “Біздің Қызметтерімізге Сіздің қол жеткізуіңіз және пайдалануыңыз” бөлімінде баяндалған контент стандарттарына сәйкес келмесе, сіз біздің Сервистерде орналастарған кез келген жарияланымды жоюға, тыйым салуға, бұғаттауға немесе алып тастауға біздің құқығымыз бар. Бұған қоса, біздің өз ұйғаруымыз бойынша мынадай кез келген Пайдаланушы контентін: (i) біз осы Пайдаланушы келісімін бұзады деп есептейтін контентті немесе (ii) басқа пайдаланушылардың немесе үшінші тұлғалардың шағымдарына жауап ретінде, хабарлама жіберіп немесе онсыз және сіздің алдыңызда қандай да бір жауапкершіліксіз жоюға, тыйым салуға, бұғаттауға немесе алып тастауға құқығымыз бар – бірақ бұған міндетті емеспіз. Осыған байланысты егер сізге мұндай Пайдаланушы контентінің көшірмелеріне үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет болса, біздің Қызметтеріміз арқылы орналастырылатын кез келген Пайдаланушы контентінің көшірмелерін жеке құрылғыларда сақтауға кеңес беріледі. Біз кез келген Пайдаланушы контентінің дәлдігіне, тұтастығына, орындылығына немесе сапасына кепілдік бермейміз және ешбір жағдайда кез келген Пайдаланушы контенті үшін жауапкершілік көтермейміз.
Сіз өзіңіздің Пайдаланушы контентіңыздің барлық басқа пайдаланушылар үшін жалпыға қолжетімді немесе тек сіз таңдаған пайдаланушылар үшін қолжетімді болатынын бақылайсыз. Сіздің Пайдаланушы контентіне қолжетімділікті шектеу үшін Платформада қолжетімді тиісті құпиялық параметрлерін таңдау қажет.
Біз пайдаланушылар ұсынған және біз немесе уәкілетті үшінші тұлғалар жариялаған кез келген контентке қатысты ешқандай жауапкершілік көтермейміз.
Егер сіз басқа пайдаланушылар жүктеп салған контент біздің Қоғамдастық ережелерін бұзады деп есептесеңіз, осы электрондық пішінді пайдалануыңызды өтінеміз.
TikTok біздің ережелерімізді бұзатын кез келген контентті дереу алып тастау үшін ақылға қонымды шара қолданады. TikTok саясаты бойынша, біз тиісті жағдайларда және өз ұйғаруымыз бойынша басқа тұлғалардың авторлық құқықтарын немесе басқа зияткерлік меншік құқықтарын бірнеше рет бұзып отырған пайдаланушылардың тіркеулік жазбаларын өшіруімі немесе жоюымыз мүмкін.
Біздің қызметкерлеріміз әрдайым өз өнімдеріміз бен функцияларымызды әзірлеу және бағалау жағынан үнемі жұмыс істеп жатқанда, біз пайдаланушыларымыздан алынатын пікірлерге, түсініктемелер мен ұсыныстарға мұқият назар аударатынымызды мақтан тұтамыз. Егер сіз бізге немесе біздің қызметкерлерімізге кез келген идеяларды, өнімдерді, қызметтерді, функцияларды, түрлендірулерді, жақсартуларды, контентті, жетілдірулерді, технологияларды, ұсыныстарды (мысалы, аудио, бейне, ойын немесе басқа контент түрлерін), промо науқандарды, стратегияларды, жаңа өнімдердің атауларын немесе кез келген ілеспе құжаттаманы, өнер туындыларын, компьютерлік кодтарды, сұлбаларды немесе басқа материалдарды жіберіп (бұдан әрі “Ұсыныстар”), өз үлесіңізді қосу туралы шешім қабылдасаңыз, онда сіздің ұсыныстарыңызды одан әрі талқылау қалай жүзеге асатынына қарамастан, келешекте түсінбестікті болдырмау үшін мына төмендегі шарттар қолданылады. Сәйкесінше, бізге ұсыныс жіберу арқылы сіз мынаған келісесіз:
Сіз TikTok компаниясын, оның бас, еншілес және үлестес компанияларын және олардың әрбір тиісті лауазымды тұлғаларын, директорларын, қызметкерлерін, агенттерін және кеңесшілерін барлық кінәрат-талаптардан, міндеттемелерден, шығыс еен шығыннан қорғауға, шығынын өтеуге және жауапкершіліктен, соның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, сіздің немесе кез келген пайдаланушының осы Пайдаланушы келісімін бұзуының нәтижесінде туындайтын немесе осы Пайдаланушы келісіміне сәйкес міндеттемелерді, мәлімдемелерді және кепілдіктерді бұзудан келіп шығатын сот шығыны мен шығысынан босатуға келісесіз және босатасыз.
ОСЫ КЕЛІСІМДЕГІ ЕШТЕҢЕ СІЗ ШАРТ БОЙЫНША ӨЗГЕРТЕ АЛМАЙТЫН НЕМЕСЕ БАС ТАРТА АЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ЗАҢ БОЙЫНША ТҰТЫНУШЫ РЕТІНДЕ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ БАР БОЛАТЫН ҚАНДАЙ ДА БІР ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРҒА ӘСЕР ЕТПЕЙДІ.
ҚЫЗМЕТТЕР “СОЛ ҚАЛПЫНДА” КӨРСЕТІЛЕДІ ЖӘНЕ БІЗ ОЛАРҒА ҚАТЫСЫ СІЗГЕ ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙМІЗ НЕМЕСЕ СЕНДІРМЕЙМІЗ. АТАП АЙТҚАНДА:
ЕШҚАНДАЙ ШАРТТАР, КЕПІЛДІКТЕР НЕМЕСЕ БАСҚА КЕЛІСІМДЕР (СОНЫҢ ІШІНДЕ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПАҒА, ПАЙДАЛАНУҒА ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА НЕМЕСЕ СИПАТТАМАҒА СӘЙКЕСТІГІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН ҰЙҒАРЫНДЫ КЕЛІСІМДЕР), КЕЛІСІМДЕ ТІКЕЛЕЙ БАЯНДАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ. БІЗ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ СЕБЕПТЕРМЕН АЛДЫН АЛА ХАБАРЛАМАСТАН ПЛАТФОРМАМЫЗДЫҢ БАРЛЫҒЫНА НЕМЕСЕ ОНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН БӨЛІГІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ӨЗГЕРТЕ АЛАМЫЗ, УАҚЫТША ТОҚТАТА АЛАМЫЗ, ҚАЙТЫП АЛА АЛАМЫЗ НЕМЕСЕ ШЕКТЕЙ АЛАМЫЗ.
ОСЫ КЕЛІСІМДЕ ЕШНӘРСЕ ЗАҢ БОЙЫНША ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА НЕМЕСЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМА БОЙЫНША ШЕКТЕУГЕ БОЛМАЙТЫН ЗАЛАЛ ҮШІН БІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗДІ ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙДЫ ЖӘНЕ ШЕКТЕМЕЙДІ. БҰҒАН БІЗДІҢ НЕМҚҰРАЙЛЫҒЫМЫЗ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМІЗДІҢ, АГЕНТТЕРІМІЗДІҢ НЕМЕСЕ ҚОСАЛҚЫ МЕРДІГЕРЛЕРІМІЗДІҢ НЕМҚҰРАЙЛЫҒЫНАН БОЛҒАН КІСІ ӨЛІМІ НЕМЕСЕ ДЕНЕ ЖАРАҚАТЫ ҮШІН, СОНДАЙ-АҚ АЛАЯҚТЫҚ НЕМЕСЕ АЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТТЕР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК КІРЕДІ.
ЖОҒАРЫДАҒЫ ТАРМАҚҚА СӘЙКЕС БІЗ МЫНА ТӨМЕНДЕГІЛЕР ҮШІН СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРМЕЙМІЗ:
(I) АЛЫНБАЙ ҚАЛҒАН ПАЙДА ТҮРІНДЕГІ КЕЗ КЕЛГЕН НҰҚСАН (ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ КЕЛГЕН); (II) ІСКЕРЛІК БЕДЕЛДЕН КЕЗ КЕЛГЕН АЙЫРЫЛУ; (III) КЕЗ КЕЛГЕН ҚАПЫ ЖІБЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК; (IV) СІЗДІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ДЕРЕКТЕРДЕН АЙЫРЫЛУЫҢЫЗ; НЕМЕСЕ (V) СІЗДІҢ ШЕГУІҢІЗ МҮМКІН БОЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ЖАНАМА НЕМЕСЕ КЕЙІНГІ ЗАЛАЛ. КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ШЫҒЫН СІЗ СОҢҒЫ 12 АЙДА TIKTOK КОМПАНИЯСЫНА ТӨЛЕГЕН СОМАМЕН ШЕКТЕЛЕДІ.
СІЗ МЫНА ТӨМЕНДЕГІНІҢ:
БІЗ ӨЗІМІЗДІҢ ПЛАТФОРМАМЫЗДЫ ІШКІ ЖӘНЕ ЖЕКЕ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУ ҮШІН БЕРЕТІНІМІЗГЕ НАЗАР АУДАРУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІЗ. СІЗ БІЗДІҢ ПЛАТФОРМАНЫ ҚАНДАЙ ДА БІР КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ ІСКЕРЛІК МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНБАУҒА КЕЛІСЕСІЗ ЖӘНЕ БІЗ КЕЗ КЕЛГЕН ПАЙДАДАН АЙЫРЫЛУ, БИЗНЕСТЕН АЙЫРЫЛУ, ІСКЕРЛІК БЕДЕЛДЕН АЙЫРЫЛУ, СОНДАЙ-АҚ БИЗНЕС ҚЫЗМЕТІТІҢ ҮЗІЛУІ НЕМЕСЕ ІСКЕРЛІК МҮМКІНДІКТЕРДЕН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ҮШІН СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА ЕШҚАНДАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРМЕЙМІЗ.
ЕГЕР БІЗ БЕРГЕН АҚАУЛЫ ЦИФРЛЫҚ КОНТЕНТ СІЗГЕ ТИЕСІЛІ ҚҰРЫЛҒЫҒА НЕМЕСЕ ЦИФРЛЫҚ КОНТЕНТКЕ ЗАҚЫМ КЕЛТІРСЕ ЖӘНЕ БҰЛ БІЗДІҢ АҚЫЛҒА ҚОНЫМДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАБЫЛДАЙ АЛМАҒАНЫМЫЗДАН НЕМЕСЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК ТАНЫТА АЛМАҒАНЫМЫЗДАН ТУЫНДАСА, БІЗ СІЗГЕ КЕЛГЕН НҰҚСАНДЫ ӨТЕЙМІЗ НЕМЕСЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕЙМІЗ. СОЛАЙ БОЛҒАНЫМЕН, БІЗ СІЗГЕ ТЕГІН ҰСЫНЫЛАТЫН ӨНІМДЕРІМІЗДІҢ ЖАҢАРТЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕСТЕРІМІЗДІ ОРЫНДАУ АРҚЫЛЫ СІЗДІҢ БОЛДЫРМАУЫҢЫ МҮМКІН БОЛҒАН НҰҚСАН ҮШІН НЕМЕСЕ СІЗДІҢ ОРНАТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАРДЫ ОРЫНДАМАҒАНЫҢЫЗДАН НЕМЕСЕ БІЗ КЕҢЕС БЕРГЕН ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖҮЙЕЛІК ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНЫҢЫЗДАН КЕЛГЕН НҰҚСАН ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРМЕЙМІЗ.
ОСЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ КЕЗ КЕЛГЕН ТУЫНДАҒАН ЗАЛАЛДЫҢ ТУЫНДАУЫ МҮМКІН ЕКЕНДІГІН БІЛГЕН-БІЛМЕГЕНІМІЗГЕ НЕМЕСЕ БІЛУГЕ ТИІС БОЛҒАНЫМЫЗҒА ҚАРАМАСТАН ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
СІЗ БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗДІ ПАЙДАЛАНҒАН КЕЗДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ МҮМКІН БОЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫС ШЫҒЫНЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ МӘТІНДІК ХАБАР ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ТАБЫСТАУ ТӨЛЕМАҚЫСЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРЕСІЗ. ЕГЕР СІЗ ҚАНДАЙ ТАРИФ ҚОЛДАНЫЛАТЫНЫНА СЕНІМДІ БОЛМАСАҢЫЗ, ОНДА ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН МҰНЫ ӨЗІҢІЗДІҢ ҚЫЗМЕТ ЖЕТКІЗУШІҢІЗДЕН НАҚТЫЛАУЫҢЫЗ КЕРЕК
ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДӘРЕЖЕДЕ БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ СІЗДІҢ ҮШІНШІ ТАРАППЕН, СОНЫҢ ІШІНДЕ, МЫСАЛЫ, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, КЕЗ КЕЛГЕН БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЫМЕН, АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ИЕСІМЕН НЕМЕСЕ БАСҚА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН АРАДАҒЫ КЕЗ КЕЛГЕН ДАУ ТІКЕЛЕЙ СІЗ БЕН ОСЫНДАЙ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ШЕШІЛЕДІ, СІЗ БІЗДІ ЖӘНЕ БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗДІ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРДЕГІ ЖӘНЕ СИПАТТАҒЫ, БЕЛГІЛІ ЖӘНЕ БЕЛГІСІЗ, ОСЫНДАЙ ДАУЛАРДАН ТУЫНДАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН КІНӘРАТ-ТАЛАПТАРДАН, ТАЛАПТАРДАН ЖӘНЕ ЗАЛАЛДАН (НАҚТЫ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ) ҚАЙТАРЫП АЛМАСТАЙ БОСАТАСЫЗ.
a. Қоланылатын құқық және юрисдикция. Нақты юрисдикцияға арналған Қосымша шарттарды ескере отырып, осы Пайдаланушы келісімі, оның мәні мен мазмұны Сингапур заңнамасымен реттеледі. Осы Пайдаланушы келісімінен немесе оған байланысты туындайтын кез келген дау, соның ішінде осы Пайдаланушы келісімінің жасалуына, жарамдылығына немесе тоқтатылуына қатысты кез келген мәселе Сингапур Халықаралық Төрелік Орталығында (“SIAC”) Пайдаланушы келісімі күшінде болатын кезде қолданыста болатын және осы тармаққа сілтеме арқылы енгізілген болып есептелетін Сингапур Халықаралық Төрелік Орталығының Регламентіне ("SIAC Регламенті") сәйкес қарауға және түпкілікті шешуге берілуге тиіс. Төрелік өтетін жер Сингапур болып табылады. Трибунал үш (3) төрешіден тұрады. Төрелік талқылау ағылшын тілінде жүргізіледі.
b. Бастапқы ашық код. Платформада белгілі бір бастапқы ашық коды бар бағдарламалық жасақтама бар. Бастапқы ашық коды бар бағдарламалық жасақтаманың әр элементіне Ашық кодты пайдалану құжатынан табуға болатын өзінің қолданыстағы лицензия шарттарының күші таралады.
с. Келісімнің тұтастығы. Осы Пайдаланушы келісімі (төмендегі Қосымша Шарттарды қоса алғанда) сіздің және TikTok компаниясының арасындағы заңдық келісім болып табылады және сіздің Қызметтерді пайдалануыңызды реттеп, біздің Қызметтерге қатысты сіз бен TikTok арасындағы кез келген бұрынғы келісімдерді толығымен алмастырады.
d. Сілтемелер. Сіз әділ және заңды түрде жасауыңыз және біздің беделімізге нұқсан келтірмеуіңіз немесе оны қиянат етіп пайдаланбауыңыз шартымен біздің басты бетке сілтеме жасай аласыз. Сіз біздің Қызметтерімізге сілтемелерді бізге қандай да бір түрде байланыстырылатын тәсілмен немесе біздің мақұлдауымыз жоқ болса да, бар деп ұйғарылатын қандай да бір жолмен пайдаланбауыңыз керек. Сіз өзіңізге тиесілі емес кез келген веб-сайтта Қызметтерімізге сілтеме орналастырмауыңыз керек. Сіз сілтеме орналастыратын веб-сайт барлық жағынан жоғарыдағы “Біздің қызметтерімізге қол жеткізу және пайдалану” бөлімінде баяндалған контенттің стандарттарына сәйкес келуі керек. Біз алдын ала хабарламастан сілтеме орналастыруға рұқсатты қайтарып алу құқығын өзімізде сақтап қаламыз.
e. Жас шектеурі. Қызметтер 13 жасқа толған және жасы одан үлкен тұлғаларға ғана көрсетіледі (Нақты Юрисдикцияға арналған Қосымша шарттарда белгіленуі мүмкін қосымша шектеулермен). Қызметтерді пайдалану арқылы сіз осы құжатта көрсетілген тиісті жастан асқаныңызды растайсыз. Егер біз жоғарыда аталған жастан төмен әлдекімнің Қызметтерді пайдаланып жүргенін білсек, біз бұл пайдаланушының тіркеулік жазбасының күшін тоқтатамыз.
f. Құқықтан бас тартудың жоқтығы туралы ескерту. Осы Пайдаланушы келісімінің кез келген ережесінің сақталуын қамтамасыз ету немесе мәжбүрлеп орындату шараларын қолданбау мұндай ережеден немесе құқықтан бас тарту деп түсіндірілмеуге тиіс.
g. Қауіпсіздік. Біз Қызметтеріміздің қауіпсіз және қате мен вирустан таза болатынына кепілдік бермейміз. Сіз біздің Қызметтерге қол жеткізуге арналған өзіңіздің ақпараттық жүйелеріңізді, компьютерлік бағдарламаларыңызды және платформаны теңшеу үшін жауапкершілік көтересіз. Сіз өзіңіздің вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтамаңыңызды пайдалануға тиістісіз.
h. Ішінара жарамсыздық. Осы мәселе бойынша шешім қабылдауға юрисдикциясы бар қандай да бір сот осы Пайдаланушы келісімінің қандай да бір ережесі жарамсыз деп анықтаса, онда бұл ереже Пайдаланушы келісімінің қалған бөлігіне әсер етпестен Пайдаланушы келісімінен алынып тасталады, ал оның қалған ережелері жарамды және орындалуға тиіс болып қала береді.
i. Сұрақтарыңыз бар ма? Бізге кері байланыс нысаны арқылы хабарласыңыз https://www.tiktok.com/legal/report/feedback
Қолданыстағы заңнама бойынша рұқсат еткен шектерде Платформаға белгілі бір құрылғылар арқылы кіру кезінде мына төмендегі қосымша шарттар қолданылады:
Apple өнімдері туралы ескертпе.
Windows Phone қолданбалар дүкені. Платформаны Microsoft, Inc. немесе оның еншілес тұлғалары басқаратын Windows Phone дүкенінен (немесе оның құқықтық мирасқорларынан) жүктеп алу жолымен сіз төмендегіні мойындайсыз және оған келісесіз:
Amazon Appstore қолданбалар дүкені. Платформаны Amazon Digital Services, Inc. немесе оның үлестес тұлғалары ("Amazon") басқаратын Amazon Appstore (немесе оның құқықтық мирасқорларының) дүкенінен жүктеп алу жолымен сіз мына төмендегіні мойындайсыз және бұған келісесіз:
Google Play қолданбалар дүкені. Платформаны Google LLC. немесе оның еншілес тұлғаларының бірі (“Google”) басқаратын Google Play (немесе оның мұрагерлерінің) қолданбалар дүкенінен жүктеп алу жолымен сіз мына төмендегіні мойындайсыз және бұған келісесіз:
Бразилия. Сіз біздің Қызметтерімізді Бразилияда пайдаланған жағдайда төменде көрсетілген қосымша шарттар қолданылады. Негізгі Пайдаланушы келісімінің төменде көрсетілген қосымша шарттары мен ережелерінің арасында кез келген қайшылық болған жағдайда төменде көрсетілген ережелердің күші басым болады.
Үндістан. Сіз біздің Қызметтерімізді Үндістанда пайдаланған жағдайда төменде көрсетілген қосымша шарттар қолданылады. Негізгі Пайдаланушы келісімінің төменде көрсетілген қосымша шарттары мен ережелерінің арасында кез келген қайшылық болған жағдайда төменде көрсетілген ережелердің күші басым болады.
Индонезия. Сіз біздің Қызметтерімізді Индонезияда пайдаланған жағдайда төменде көрсетілген қосымша шарттар қолданылады. Негізгі Пайдаланушы келісімінің төменде көрсетілген қосымша шарттары мен ережелерінің арасында кез келген қайшылық болған жағдайда төменде көрсетілген ережелердің күші басым болады.
Біріккен Араб Әмірліктері. Сіз біздің Қызметтерімізді Біріккен Араб Әмірліктерінде («БАӘ») пайдаланған жағдайда төменде көрсетілген қосымша шарттар қолданылады. Негізгі Пайдаланушы келісімінің төменде көрсетілген қосымша шарттары мен ережелерінің арасында кез келген қайшылық болған жағдайда төменде көрсетілген ережелердің күші басым болады.
Мексика. Сіз біздің Қызметтерімізді Мексикада пайдаланған жағдайда төменде көрсетілген қосымша шарттар қолданылады. Негізгі Пайдаланушы келісімінің төменде көрсетілген қосымша шарттары мен ережелерінің арасында кез келген қайшылық болған жағдайда төменде көрсетілген ережелердің күші басым болады.
Егер сіз 18 жасқа толмаған болсаңыз, онда сіз Қызметтерді тек ата-анаңыздың немесе заңды өкіліңіздің келісімімен ғана пайдалана аласыз. Ата-анаңыздың немесе заңды өкіліңіздің осы Шарттармен танысып шыққанына, сізбен талқылағанына және келіскеніне көз жеткізіңіз.
Түркия. № 5651 Заңның шеңберінде Түркиядағы біздің өкілімізге хабарласыңыз:
TikTok Turkey Dijital Medya ve Reklam Limited irketi
Esentepe Mah, Harman 1 Sok, №: 7 Nidakule / Levent, 7. Kat, Daire №: 22-23-24, işli, İstanbul
Ресей.
Қызметтерді шектеулі пайдалану. Пайдаланушы келісімінде және Қоғамдастық ережелерінде көрсетілген шектеулерге қосымша, Қызметтерді мына мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді:
1. қылмыстық мақсаттарда;
2. мемлекеттік құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету үшін;
3. мына төмендегіні тарату үшін:
- экстремистік контентті (соның ішінде терроризмді ашық түрде ақтайтын немесе террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға шақыратын материалдарды);
- порнографияны насихаттайтын материалдарды;
- зорлық-зомбылық пен қатыгездікті насихаттайтын материалдарды;
- балағат сөздері бар материалдарды;
- біреудің беделін түсіретін ақпаратты (соның ішінде жынысына, жасына, нәсіліне немесе ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне, жұмысына немесе кәсібіне, саяси көзқарасына қарай әлеуметтік топтардың беделін түсіретін кемсітуші контент).
Тыйым салынған басқа да контент. Пайдаланушы келісімінде және Қоғамдастық ережелерінде көрсетілген шектеулерге қосымша, Сіздің Ресей заңнамасында белгіленген талаптарды бұзатын контентті (мысалы, өзін-өзі өлтіру тәсілдері туралы ақпаратты және өзін-өзі өлтіруге үндеуді, заңсыз ойын қызметімен байланысты ақпаратты) таратуыңызға болмайды.
Сіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз. TikTok құқықтары мен міндеттері. Қызметтерді пайдалануға қатысты Сіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз, сондай-ақ TikTok компаниясының құқықтары мен міндеттері Пайдаланушы келісімінде және Қоғамдастық ережелерінде сипатталған.
Контент мониторингі. Біз тыйым салынған контентті анықтау мақсатында Ресей заңнамасының әлеуметтік желі мониторингі жөніндегі талаптарын орындаймыз және мұндай контент анықталған жағдайда, егер контенттің заңға қайшы екені расталса, біз оны алып тастауымыз немесе оған қол жеткізуді шектеуіміз мүмкін.
Құқыққа қайшы контентке шағымдар. Кез келген тұлға осы Нысанды пайдаланып, оның пікірінше қолданыстағы заңнаманы және/немесе Пайдаланушы келісімін бұзатын контент туралы мәлімдей алады. Біз мұндай шағымды қарап, контенттің құқыққа қайшы екені расталса, қажетті шара қолданамыз.
Контентті алып тастау туралы хабарламалар. Егер біз жоғарыда сипатталған процедураларға сәйкес Сіздің контентті жойсақ (оған қол жеткізуді шектесек), біз Сізге осындай жою (қол жеткізуді шектеу) туралы хабарлаймыз).
Контентті жою амалына шағымдану. Егер Сіз контентіңізді жоюға (оған қол жеткізуді шектеуге) келіспесеңіз, Сіз мұндай жоюға (қол жеткізуді шектеуге) TikTok қолданбасы арқылы шағымдана аласыз. Біз Сіздің сұрау салуыңызды қарап, шешімімізді хабарлаймыз. Егер Сіз біздің шешіммен келіспесеңіз, Сіздің мұндай шешімге шағымдануға құқығыңыз бар.
Сіздің басқа да өтініштеріңіз. Егер Сіздің қандай да бір басқа шағымдарыңыз, өтініштеріңіз немесе сұрақтарыңыз болса, осы Нысан арқылы да бізге хабарласа аласыз. Біз сіздің сұрауыңызды қолданыстағы заңнамада көзделген мерзімде мүмкіндігінше тезірек қарау үшін мүмкін нәрсенің барлығын жасаймыз.